top of page

Кім қатыса алады?

Қатысуға 16-25 жас аралығындағы барлық қыздар шақырылады. Сіз Назарбаев Университетінің студенті болуыңыз міндетті емес.

Бағдарламалауға жаңа келген болсам, мен қатыса аламын ба?

Иә, біз бағдарламалауға қызығушылық танытатын барлық қыздарды бізге қосылуға шақырамыз.  Білу керегі - бұл ең болмаса бір бағдарламалау тілінің негізі.  

Сіздің біліміңізге байланысты үш деңгей болады: бастауыш, орта және тәжірибелі. Сіздің деңгейіңіз тіркеуден кейін қатысушыларға арналған тест арқылы анықталады.

Ағылшын тілін білу міндетті ме?

codeW үш түрлі тілде өтеді: ағылшын, қазақ және орыс. Семинарлардың барлық тапсырмалары мен материалдары орыс және қазақ тілдеріне аударылатын болады.

​сodeW қайда өтеді?

Іс-шара Назарбаев Университет қабырғаларында өтетін болады(Нур-Султан). Өткізу орындары туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

​Өз деңгейімді қалай анықтауыма болады?

* Сіздің қатысатыныңызды растағаннан кейін, сізге қабілетіңізді анықтайтын есептерге сілтеме жіберіледі. * 

​​Контестте қандай бағдарламалау тілдерін қолдануға болады? 

Байқау бағдарламалаудың барлық жалпы тілдеріне қолдау көрсететін арнайы платформаны пайдалану арқылы өткізіледі.

Қашықтықтан қатысуға бола ма?

Өкінішке орай, қашықтан қатысу іс-шарамызда қарастырылмаған.

Бұл тегін бе?

Иә, қатысу - толықтай тегін. Оған қоса, сіздерге сыйлықтар, түскі ас және кофе брейк ұсынылады. 

Мен не алып келуім керек?

Ноутбук, зарядтау құрылғысы мен жеке куәлігіңізді алып келіңіз! Сізде ноутбук болмаса, ұйымдастырушылар сізді ноутбукпен қамтамасыз етуге тырысады, алайда, біз ноутбуктардың жеткілікті санын табуға кепілдік бермейміз. Бар болғаны, алдын ала бізге жазуыңыз керек. 

Ұйымдастырушылар шақыру хатын бере ала ма?

Иә, біз сізге мектеп/университет әкімшілігіне ұсыну үшін ресми шақыру хатын бере аламыз. Сіздің қатысуыңызды растағаннан кейін, біз ресми шақыру алу туралы нұсқауларды жібереміз.  Жаңартуларды күтіңіз! Егер сіз оны бұрын алуыңыз қажет болса (мысалы, университеттен сапар грантын алу үшін), біздің поштамызға жазыңыз acmw.codew@gmail.com

Нұр-Сұлтаннан басқа қалалардың тұрғындарына:

Бұл іс-шара тек қана Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін бе?

Жоқ, байқауға қатысуға Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары шақырылады. Алайда, 18 жасқа дейінгі басқа қалалардан келген қатысушылар еріп жүру мәселесін өз бетінше шешуі керек. 

Өкінішке орай, біз басқа қалалардан келген қатысушылардың жолға кеткен шығындарын өтей алмаймыз.

Қатысушылар баспанамен қамтамасыз етіле ме?

Қазіргі уақытта біз нақты жауап бере алмаймыз. Біз басқа қалалардан келген қатысушыларға Назарбаев университетінің жатақханасында тұруды ұсынамыз. Нақты шешімді 7 ақпаннан кейін жариялаймыз.

bottom of page