
ТІРКЕЛУ
codeW 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарға бағытталған. Қатысушыларға тіркелу 24-ші қантардан басталады және 9-шы ақпанға дейін жалғасады.
Қатысушысы болу үшін сіз:
-
Қатысуға өтінім нысанын біздің веб-сайтымызда толтыру;
-
Сіз деңгейіңізді анықтайтын тестке сілтеме аласыз. Тест сілтемесін біз 9 ақпан (жексенбі) кешке жіберетін боламыз, және оны орындауға сізге бір апта уақыт беріледі. Біз қатысушыларды іріктеу және деңгейді (Бастауыш, Орташа, Тәжірибелі) анықтау үшін тест нәтижелерімен қоса өтінімдерді де пайдаланатын боламыз. Қорытынды нәтижелері сіздің поштаңызға 18 ақпан күні келеді;
-
7 наурызда Нұрсұлтанға codeW - ге келу керексіз.
ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ
-
орыс тілінде: https://forms.gle/FYhqyaXCZR5fD5Cv5
-
қазақ тілінде: https://forms.gle/jjXQzNJ5CbkcjUiX8
-
ағылшын тілінде: https://forms.gle/uDKJNzwGLDyytnjB8
Тек бір тілде толтыру қажет.
Егер ағылшын тілін білсеңіз, ағылшын тілінде толтырғаныңыз қолайлы болар еді.
ДЕҢГЕЙЛЕР
Бастауыш - одан әрі дамытуға шабыттандыру үшін бағдарламалауды жаңадан бастаушылар үшін. Сіз циклдер, функциялар, шарттар (if-elsе), массивтер, деректердің жалпы құрылымы сияқты бағдарламалаудың негізгі тұжырымдамаларымен таныс боласыз деп күтілуде.
Орташа - тапсырмаларды өз еркімен орындай алатын және оңай/орта деңгейдегі мәселерді шеше алатын қыздарды ары қарай қолдау үшін жоспарланған деңгей. . Бұл деңгей қатысушылары мәліметтер жиынтығы, алгоритмдерді жақсы түсінеді және тиімді жазады деп күтілуде.
Тәжірибелі - күрделі және шиеленісті есептерді шешуге дайын озық деңгейдегі бағдарламалаушыларға арналған деңгей. Күрделілік деңгейі орташа және жоғары деңгейлердің комбинациясы ретінде қарастырылады.