top of page

Назарбаев Университетінің ACM клубы - бұл Назарбаев университеті негізіндегі, NU ACM-W Student Chapter және NU ACM Student Chapter басын қосқан халықаралық ACM (Association for Computing Machinery) ұйымының екі қазақстандық филиалы.

DSC_5586.JPG

Біздің ортақ мақсатымыз Қазақстанның IT индустриясындағы жастардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту болып табылады. NU ACM-W SC компьютерлік технологиялар, информатика және инженерия саласында әйелдерге әлеуметтік және кәсіби қолдау көрсетуге, сондай-ақ, әртүрлі қызмет түрлерін ұйымдастыру жолымен олардың техникалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған. 

2017 жылдың күзінен бастап біздің ұйым университеттік, қалалық және республикалық іс-шараларды ұйымдастыруда жоғары кәсібилікті көрсетіп келеді.

bottom of page